Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен сотталған Маратхан Тоқмәдидің жазасын шартты түрде өтеуге өтініш беруі құқық алаңының марқасқаларын алаңдатпай қоймады. Американдық криминалистер тобына жетекшілік еткен, АҚШ ФБР-дің бұрынғы директоры осы іске бас-көз болу үшін Алматыға тағы да ат басын бұрды. Луи Фридің айтуынша, банк басшысының 2004 жылы "тапсырыспен өлтірілгені" 2017 жылы-ақ дәлелденіп қойған. Ол «егер мұндай жағдай АҚШ-та болғанда, Мұратхан Тоқмәди өмірінің соңына дейін түрмеде отырар еді» дегенді айтады. Ulysmedia.kz Бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында Фри мырза банкирге жасалған қастандық әрекеті кездейсоқ болмағанын және бұл кісі өлтірудің артында үлкен адамдар тұрғанын айтты.