Түркі халықтарының осындай ұлы мақсатынан туындаған жазу мәдениетінің тарихы тым тереңде. Көптеген зерттеулер тасқа басылған суреттер (петроглифтер) мен таңбалар сонау тас дәуіріне дейін баратынын көрсетіп отыр. Яғни адамзат баласының ойын жазбаша, яғни таңба түрінде беруге деген ынтасы тым ертеде басталған. Біздің жазу тарихына қатысты жетістігіміз өте көп әрі көп салалы.