Атом электр станциясы – қазір күн тәртібінде ең көп талқыға түскен әрі сол талқыдан түсе қоймайтын тақырыптың бірі. Таяуда Орталық референдум комиссиясы референдумды өткізудің өзіне 15,8 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Бұл реферандум `халық шешсін` деген есеппен өткізілмек. Ал халық тарапынан түсіп келіп жатқан сұрақ көп. Осы ретте Ulysmedia.kz өз алаңында Қазақстанның азаматтық альянісінің төрайымы Бану Нұрғазиевамен әңгімелесіп, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап алуға тырысты.