Соңғы жылдары Қазақстанда сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығына қатысты сын көбейді. Құқық қорғау жүйесіне халықтың сенімі неге төмендеді? Сот шешімдеріне қатысты арыз-шағым неге азаймай тұр? Ел өңірлерінде адвокаттар неге қат, білікті судьялар неге жетіспей жатыр? Осы және өзге де сұрақтарды Ұлыс алаңында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараевқа қойдық. Сондай-ақ, заңгер бірер айдан соң қолданысқа енетін Жаңа Конституция жайлы өз ойын ортаға салды. Адвокат құжатта қарапайым халықтың өмірін оң арнаға бұратын қандай нормалар барын түсіндірді. Әлі де жетілдіруді, нақтылауды қажет ететін кемшін тұстары туралы да сөз қозғады.
Басқа