Нахчывандағы әуежайға жасалған дрон шабуылы Иран төңірегіндегі жағдайды қайта шиеленістірді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жасалған соққыны айыптады, ал жақында елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Ulysmedia.kz Қазақстан мұндай қауіп-қатерге қаншалықты дайын екенін, әуе қорғанысы жүйесінің жағдайы қандай екенін және ел үшін нақты қауіп бар-жоғын анықтауға тырысты.