Кейінгі жылдары Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен отбасындағы-тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбы көп талқыланды. Зорлық-зомбылық көріп, әділдікке жете алмай жүргенін айтып, әлеуметтік желіде көмек сұраған адамдардың да қарасы аз емес. Құқық қорғаушылар Қазақстанда «барлық деңгейде фемицид барын» айтады. БҰҰ есебінше, жыл сайын Қазақстанда 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Ал елде әйелге қарсы зорлық-зомбылықтан соң қозғалған істердің 40 пайызы ғана сотқа жетеді. Осыған байланысты бүгін Ulysmedia ұзақ жылдан бері әйел және бала құқығы мәселесімен айналысып келе жатқан құқық қорғаушы, HUMAN RIGHS LAWYERS қоғамдық қорының басшысы Ләззат Рақышевамен сөйлесті.
Басқа