Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бесінші жылға аяқ басты. Соғыстың жақсысы жоқ, дегенмен біртіндеп бой үйренді. Тіпті әрі-беріден соң үйреншікті құбылысқа айналып бара жатқандай. Санкциялар, келіссөздер, шиеленістің ушығуы туралы қауіптер, бейбіт бастамалар бар, әйтсе де бейбіт күннің ауылы әлі де алыста секілді көрінеді. Сарапшылар бұл соғыс қазіргі еуропалық тарихтағы ең ұзақ соғыстардың біріне айналуы мүмкін деген болжам айтып жүр. Бастағы хәл осындай болып тұрғанда Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева екі дипломатпен, бірі – Еуропалық одақтың елшісі Алешка Симкичпен, екіншісі – Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майкомен сөйлесті. Спикерлер санкциялар соғысты тоқтатуда неге біз күткен нәтижені бермей тұрғанын, әне-міне Ресей экономикасы күйрейді дегенмен, ол ойымыз неге іске аспай жатқанын, соғысты шын мәнінде не тоқтатуы мүмкін екенін, Трамптың Украинадағы сирек кездесетін металдарға қатысты мәмілесінің астарында не жатқанын түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ әлемдік тәртіптің бұрынғы ережелері жұмыс істемей тұрған шақта дипломатия қандай рөл атқаруы тиіс екенін де айтты.
Санкциялар, Путин және соғыстың соңғы күні: Украина мен ЕО елшілерімен ашық әңгіме
Басқа