Бір жыл бойы біз түрлі мәселелерді шешіп, жоспар құрып, пікір таластырып, келіссөз жүргізіп, өз уәжімізді дәлелдеумен болдық. Себебі бүкіл әлем қандай да бір консенсусты іздеді немесе іздеп жатқан кейіп танытты. Адамзат, сірә, жеке бір елдің шеңберінде ғана бақуатты өмір сүру мүмкін еместігін, тіпті қанша алыста тұрса да, жанған оттың жалыны шарпымай қоймайтынын түсінгендей болды. Жаңа жыл қарсаңындағы подкаст Ulysmedia студиясында Қазақстандағы Украина Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майконың бастамасымен өтті. Ол порталдың бас редакторы Самал Ибраеваға 2025 жылды қорытындылауды ұсынды. Қыркүйектегі алғашқы кездесуде Виктор Анатольевич дипломатия әрдайым міндетті хаттама мен айрықша бейтараптықты талап етпейтінін дәлелдеген еді. Бұл жолы да ол соғыс, бейбітшілік мәселесі, КҚК-ға жасалған шабуыл және қазақстандық тұтқындар туралы сұрақтарға ашық жауап берді.