Париж Олимпиадасы аяқталғаннан кейін әлемдегі біршама мемлекеттің назары жақында Қазақстанға ауады. Оған себеп – елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Әлемнің бәйгеде ат шаптырып, жамбы ататын, күресіп, құсбегілік өнерін сынайтын спортшылары қыркүйекте Астананы бетке алады. Ulysmedia.kz ойындар қарсаңында Қазақстанның ұлттық спорт федерацияларын кімдер басқаратынына шолу жасап көрді. Федерациялардың тізгінінде қалталы, құзырлы адамдар баршылық екен.