Жаңа оқу жылы басталар алдында ата-аналар баласын мектепке дайындап, киімін іздеп, кітап-дәптерін қамдап жатыр. Жаңа оқу жылына даярлық елорда да қызу. Астанада қыркүйекте 102 мемлекеттік мектеп пен 66 жекеменшік мектеп балаларды оқытады. Осы ретте Ulysmedia.kz тілшісі жекеменшік мектептерде оқу құны қанша екенін анықтап, жаңа оқу жылында ол мектептерде оқу құны қаншалықты өзгергенін сараптап, шолып шықты.