Қарсы шығу, наразылық білдіру, күмәнмен қарау – бізге етене таныс қалып. Шынын айтсақ, «Әділет» партиясының съезі болады дегенді естігеннен бір шикілік іздеуге дайын едік. Бірақ бәрі біз күткендей болмады. Қазақстан саясатында әбден қалыптасқан сценарий бұл жолы қайталанған жоқ: журналистерге жағыну, біреуді иландыру, пікірін өзгертуге тырысу байқалмады. Жаңа партия тағы бір таптаурынды бұзды. Әдетте жаңа саяси ұйым пайда болса, артынша қолдан жасалған мақтау науқаны басталатын: бірдей пікір айтатын «сарапшылар», көшірме пост жариялайтын блогерлер, кезекші патриоттар, пиаршылар мен инстажұлдыздар қаптап кететін. Бәрі жабылып жұртқа дәл осы оқиға ел тағдырын өзгертетінін түсіндіруге кірісетін.
Басқа