Қандай да бір елдің үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында түрлі деңгейде дау-дамай болып жатады. Ол ешкімге таңсық емес. Корпоративтік әлемде бұл қалыпты құбылыс саналады. Алайда осындай даулардың соңы дауласушы тараптың біріне үлкен қаржылық, репутациялық нұқсан келтіруі мүмкін. Соңғы уақытта болып жатқан сондай даудың бірі Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын шетелдік инвестор мен ел үкіметі арасындағы дау. Әңгіме Қашаған кен орнында күкіртті сақтағаны үшін салынған 2,3 трлн теңге көлеміндегі айыппұл туралы. Мұнай өндіру қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі бойынша дау туындап, мемлекет пен трансұлттық корпорация соттасуда. Жобаның операторы NCOC бұл соманы төлемейтінін ашық білдіріп, халықаралық арбитражға жүгінуге дайын екенін мәлімдеді. Ал қазақстандық соттар әзірге жіби қоймайтынын білдірді. Ulysmedia.kz оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін бақылап отыр.
Күкірттен от шығады немесе Қашағандағы инвестор мен мемлекет арасындағы экологиялық дау қай фазада?
Басқа