Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкер қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желіде сыни жазбалар жариялаған азаматтарға полиция қызметкерлері қоңырау шалып, посттарын өшіруді сұрағаны туралы ақпарат тараған. ІІМ бұл мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.