Әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, 37 жастағы сербиялық теннисші Новак Джокович Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Сербиялық спортшы финалда әлемнің 3-ракеткасы, 21 жастағы испаниялық Карлос Алькараспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Екі сағат 52 минутқа созылған тартысты матчта тәжірибелі теннисші қарсыласын 7:6 (7:3), 7:6 (7:2) есебімен қапы қалдырды.