Бүгін қазақ өнерінің жарық жұлдызы, дәулескер күйші әрі бірегей композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толды. Қазақ музыкасын әлемге танытқан тұлғаның мерейтойы — руханият әлемі үшін айтулы оқиға, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылы Атырау өңірінің Махамбет топырағында, Таңдай ауылында жарық дүниеге келді. Ол кәсіби өнерін Алматы мемлекеттік консерваториясында...