Алматы облысының прокуратурасы «Алтын Орда» базарында қандай заң бұзу деректері анықталғанын айтты. Базарда жер, табиғатты қорғау, өртке қарсы, салық, санитарлық-эпидемиологиялық, сәулет-құрылыс, еңбек, көші-қон, монополияға қарсы, ветеринария заңнамаларының талаптары сақталмаған. Мысалы, 1,4 гектар мемлекеттік жерді өз бетінше басып алу дерегі тіркелген. Бұл жерге базар әкімшілігі бөлшек сауда дүкендерін салып, күн сайынғы жалға беруден кіріс түсіп тұрған. […]