Сарапшылар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жасанды урбанизация қарқынды жүргізілгенін айтады. Барлық жағдай халықты ауылдан қалаға үдере көшуге итермеледі. Жаңа тұрғын үйлер негізінен қалаларда салынды, ірі кәсіпорындар жаппай жабылды, ауылда жұмыс қалмады, Үкімет «болашағы жоқ ауыл» деген қазақ ешқашан естімеген терминді ойлап тауып, мыңдаған ауылды ыдыратты. Сондықтан «Жаңа Қазақстан», Смайыловтың жаңа Үкіметі алдында «қазақтың алтын бесігін» дамыту […]