«Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді қазақ даналығы. Расында, бүгінде баспана бақытына кенелсем дейтіндердің қарасы қалың. Жылда мемлекет тарапынан түрлі жобалар жанданып жатқанымен, оның бірде-біреуі нақты жастарға бағытталмаған еді. Осы орайда осыдан екі жыл бұрын Жамбылда «Әулиеата жастары» жобасына жан біткен. Алайда басы тәп-тәуір басталған тірліктің соңы сылдыр суға, одан әрі буға айналатындай көрініс тапты. […]