Ауыр дерт ақыры жеңіп, адам Кюблер-Росс теориясындағы қайғыны қабылдаудың бес кезеңін бастан өткеретін шақты науқас үшін де, оның жақындары үшін де біздегі ұғыммен «жердегі тозақ» деуге болар. Дәл осы шарасыз күйдің жүгін көтеретін арнайы ұйым барын біреу білсе, біреу білмес. Үміті сөнген адамның қалған өмірін сапалы етуге, мейлінше қиналмай, қорқынышсыз және жалғызсырау сезімінсіз о дүниеге […]