Солтүстікқазақстандықтардың біраз бөлігі міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру үшін төлеп жатқан жарналарының қайда кетіп жатқанынан бейхабар. Науқастар осы жарнаны да төлеп әрі жекеменшік ақылы клиникаларға да жүгініп, екі рет шығындалып жүр. Себебі бекітілген емханаларында кезекті ұзақ күту керек. Бұл жайт науқастардың көңілінен шықпайды. Науқастар өз кезегін айлап-жылдап күтуге мәжбүр. Ультрадыбыстық зерттеуден өткісі келген петропавлдық Жанар Әбілмәжінова […]