Робот жасау оңай емес. Бірақ Қазақстанда робототехниканың дамуына күдікпен қарайтындар көп. Осыған орай 30 жасында екі рет ғылым докторы атанып, Жапониядағы Токай университетінде білім алған жас ғалым Азамат Ешмухаметовпен қазақ ғылымының дамуы жайлы әңгімелестік. – Бір жыл Англияда, бес жыл Жапонияда білім алдыңыз. Бүгінге дейін робототехника саласында қандай жобалар жасадыңыз? Қазір қандай жобамен айналысып жүрсіз? […]