Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті АП-162/4 мекемесінде сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Рамазан қоржындары таратылды. Іс-шараны аймақтағы Мәшһүр Жүсіп мешіті мен «Ақниет» қоғамдық қоры бірлесіп өткізген. Онда алдымен «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қылышев сотталған азаматтарды Рамазан айымен құттықтады. «Алла Тағала өмірде адам баласына бейнет-зейнет, неше түрлі сынақтар береді. Бұған төзімділік, сабырлық көрсетуіміз […]