Түгін тартса, майы шығатын Жетісу өңіріндегі мыңдаған гектар егістік алқабы игерілмей бос жатыр, дәл осыншама көлемдегі жер тозып, құнарлығынан айырылды. Соңғы 20 жылда Алматы облысындағы егіс алқабының көлемі миллион гектардан асып көрген жоқ. Есесіне иен далаға иелік ететіндер оны пайдалануға ден қоя алмай жүр. Тіпті, меншігіндегі жерін қызғыштай қорығандар оны айналдыра ор қазып қояды. Жер […]