Алматы облысының аумағында дертке дауа, жанға шипа болатын емдік қасиеті мол су көздері баршылық. Заманында ғарышкерлер ұшу сапарларынан оралғанда, шипалы суынан жандарына қуат алған алыстағы Алакөл көлдер жүйесіндегі Жалаңашкөлді айтпағанда, Жаркент өңірінде, Талдықорғанның маңайында, Қарадала аймағында, Қапал төңірегінде мұндай емдік қасиетті мол арасан сулары баршылық. Соның бірі әрі бірегейі кезінде атағы шартарапты шарлап, алыс-жақыннан дертіне […]