Төрткүл дүниені шарпыған ІІ дүниежүзілік соғыстың жарасы әлі де жазыла қойған жоқ. Әсіресе, сұм соғыстың қасіреті айтылатын әндерді естіген сайын сол жараны сыздата түседі. «Сағындым Жексенқұлым, Қосшығұлым, Өзекті жарып шыққан қос шыбығым» деп басталатын «Қара кемпір» әнін тыңдағанда майданға кеткен ұлдарына деген сағынышын жүрек түпкіріне мәңгілік сақтаған ананың ащы зары тұла бойды шымырлатады. «Қара кемпір» […]