Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнет жасы бес жылға ұлғайтылатынын айтты. Министрлік өкілі онлайн-брифинг барысында әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша заңнамалық деңгейде қандай өзгерістер болғанын түсіндірді. Зейнетақы заңнамасында орын алған негізгі өзгеріс – әскери қызметкерлердің мемлекеттік бюджет есебінен ынтымақты зейнетақыға көшуі. Бұрын ол жинақтаушы жүйе есебінен жүзеге асырылатын. Өткен […]