Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, республикада қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. «Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Қосымша 16 мың тонна қант шикізаты […]