Әр мереке қарсаңында жергілікті әкімдік азаматтардың белгілі бір санатына салтанатты түрде пәтер кілтін табыстап жатады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында елордада жүздеген адам мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлі болған. Алайда 5 ай бұрын пәтер кілтін алған 50 отбасы әлі күнге дейін өздеріне тиесілі баспаналарға қоныстана алмай жүр. Баспананың кілтін бергенімен жауапты мекемелер тұрғын үйді табыстамай, салып келеді. […]