Алматы. 1992 жыл болатын. Маусым айының 5-і. Кезекшілігімді атқарып, жұмысқа кешігіңкіреп келе жатырмын. Сонау Ақсай шағын ауданы жақтан орталыққа қарай бет түзейтін №43 автобус ырғалып-жырғалып келіп, Розыбақиев көшесіндегі аялдамаға тоқтай қалды. Адам лық толы. Мен де аяқ іліктіріп үлгердім. Төбедегі турникетке шап беріп, құламауға қам жасалды. Жолаушылармен етене жақын достардай қапсыра құшақтасып, сақұр-сұқыр жабылған есікті […]