Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде осыдан үш жыл бұрын іргесі қаланған аурухана ғимаратының құрылысы аяқсыз қалды. Себебі құрылысқа бөлінген қыруар қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Соның салдарынан кент тұрғындары емделу үшін аудан орталығына қатынауға мәжбүр. Бүгінде 20 мыңнан астам тұрғыны бар кентте сапалы медициналық көмек алу мұңға айналған. Басы ауырып, балтыры сыздаса, 60 шақырым […]