Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында соңғы жеті-сегіз жылдың көлемінде мыңдаған отбасына қуаныш сыйлаған пәтерлер мен жеке үйлердің көбі заңды берілгеніне қатысты күмән көп. Шаһардың су жаңа басшысы Әсет Масабаев та облыс орталығындағы қордаланған мәселелердің тігісін жатқызуға ниетті. Қала әкімдігі шаһардың тұрғын үй қорындағы жағдайды бағамдап, тұрғын үй кезегінде тұрғандар мен осы кезге дейін баспаналы болғандардың […]