Қызылордадағы жеке оқу орталығында шу шықты. Ата-аналар балаларының еденде ұйықтап, сапасыз тамақтанып келгенін айтып шағымдануда. Ашудан ашынған олар аймақтағы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігіне шағым түсірген. Аталмыш орталық облыс орталығында орналасқан. Осы уақытқа дейін де білім мекемесіне қатысты бірнеше мәрте шағым түсірілген. Соған қарамастан орталықтың жұмысын қадағалайтын құзырлы органдар бейқам отырғанға ұқсайды. «Мен өткен жылдың […]