Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі шет аймақ тұрғындары кәріз суынан пайда болған көлшіктен шыққан күлімсі иіс ауаны ластап, тіршілік ету мүмкін болмай қалғанын айтып, мұңын шақты. Тіпті, соңғы күндері ассенизаторлық көліктер сүзгі алаңына жетпей, сасық суды жол бойына төгіп кетіп жүргенін жеткізді. «Осы аумақта тұрып жатқанымызға біраз жыл болды. Жаз басталса, көрер күніміз осы. Кәріз […]