Тәуелсіз, жеке дербес ел болудың бір сипаты – оның рәміздері. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – ұлттық құндылығымыз. Осы орайда, ұлттық геральдикамыздың тұғыры – мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтық нормативтерін сақтау мақсатында ел Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ құрылған […]