Әкемнің өнегемен өрілген өмірін үлгі тұтып келе жатқаныма жарты ғасырдан асты. Тырнақалды туындым – «Әкем – мақтанышым» аудандық газетте жарияланғанда жүрегім жарылардай қуанғаным әлі есімнен кетпейді. Сол кездегі «Ильич жолы», қазіргі «Төлеби туы» басылымы сонысымен жүрек төрінде қаттаулы. Адам есімі – тағдыр кесімі болып көрінеді де тұрады маған. Балаға ат қоюда абай болу қисыны туады […]