Референдум әлемнің бірқатар елінде аса маңызды саяси шешімдерді шығаруда халықпен санасудың құралы ретінде мойындалған. Тіпті, кейбір елдерде референдум жалпыхалықтық сипат алмаса да, белгілі аймақтағы өзекті мәселелерге байланысты тұрғындардың ой-пікірімен санасып тұрған. Бүгінде әлем елдері арасында жалпыхалықтық референдум өткізушілердің арасында Швейцария көш басында тұр. Бұл елде 1848-2010 жылдар аралығында 569 ұлттық референдум өткізіліп, халыққа елдің ертеңі […]