Қазнетте «Бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалатындығы көрсетілген. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай өшіп қалатын сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Stopfake.kz телеграм каналының мәліметінше, бұл ақпарат – фейк. «Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы […]