Қазақстан мигранттардың рекордтық тасқынына тап болуы мүмкін. Сарапшылар қазірдің өзінде оның жасырын жүріп жатқанын ескертеді. Атап айтқанда, Ресейден, Украинадан еліміздегі туыстарын жағалап, «қонаққа» келгендер саны жүздеген мыңға жетті. Олар жұмыс тапса, қалып қояды. Таппаса, қылмысты өршітуі ықтимал. Осы орайда мемлекет келімсектерді дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізуге дайындалуда. Дегенмен бұл тетікті енгізуде біршама кешігіп жатқаны байқалады. […]