Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамырда Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Енді Алаштың рухани астанасы саналатын Семей қаласы Абай облысының орталығы болады. Облыс мәртебесінен айырылған 25 жылда тарихи шаһардың тоз-тозы шығып кеткені белгілі. «Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының […]