Отырар ауданы тұрғындарының шегірткеге таланып жүргендеріне айға жуықтап қалды. Отырар ауданы ғана емес, Түркістан облысының Сырдария өзені мен Көксарай су қоймасының маңайында орналасқан ауыл-аймақ тұрғындарын да шегіртке әбігерге салып қойды. Тұрғындар қаптап жүрген қанатты жәндіктердің кесірінен үйлерінен шыға алмай қалған. Шықса да, бастарына торлы бас киім киюге мәжбүр. Ауыл тұрғындарының көшеде жүрген көрінісі көзге қораш […]