Шымкент қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Шұбар ауылының шаруасы шатқаяқтап тұр. Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты ауылдағы әлеуметтік мәселелер қордалана түскен. Шұбарлықтар мегаполиске қол созым жерде тұрып, өркениеттен сырт қалғанына наразы. Атакәсіппен күнелтіп отырған ауыл тұрғындары бүгінде төрт түлік малын сатуға мәжбүр. Себебі жайылым жер жоқ. Барының өзі жекенің меншігінде. Содан мал қолға қарап қалған. […]