Жамбыл облысындағы Шу ауданынан тағы шу шықты. Айдың-күннің аманында жас жігіттер тәртіп сақшыларын сабап тастады. Желіде желдей ескен бейнежазбада жұдырықтың астында қалған полицейді бірнеше баланың тепкілеп жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ бейнежазбадан тапаншадан оқ атылғаны да көрініс тапқан. «2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар тобының полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны […]