Жеке сот орындаушыларының атауы өзгермек. Қазақстан бұл терминді кезінде Болгария тәжірибесінен алыпты. Енді одан бас тартуға ниетті, себебі «сот» деген сөздің жанында «жеке» ұғымының тұруы жағымсыз естіледі. Әрі халыққа ұнамайтын көрінеді. Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларын бұқараның «рэкетир» ретінде қабылдайтынын ашық айтады. Олар сот шығаратын үкімдерді коммерцияландырып, табыс көзіне айналдырды. Осы жолда кейбірі елді шошытқан […]