Соңғы күндері қызылордалықтар қаланы Сырдарияның сол жағалаумен байланыстыратын алып көпірдің тозығы жеткенін аңғарды. Жергілікті тұрғындар өткелдің адам өміріне қауіпті екенін айтады. Сол жағалаудан бой көтерген жаңа қаланы ескі қаламен байланыстыратын өткел құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Екі жылға жуық уақыт құрылысы жүргізілген көпір 2016 жылы ел игілігіне пайдалануға берілді. Негізінен бұл жобаға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы […]