Нұр-Сұлтан қаласындағы достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға белгілі тарихшылар, мұрағатшылар, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік және өңірлік комиссия мүшелері, мәдени, қоғамдық, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Көрмеден басталған жиын […]