Елімізде әскерде жүріп қайтыс болғандар жайлы жиі еститін болдық. Бұндай қаралы хабарды әр жыл сайын кемі он шақты рет құлағымыз шалады. Бейбіт күнде сарбаздардың көз жұмуы жақсы құбылыс емес. Белгілі бір дәрежеде әскердегі былықтың азаймай тұрғанын көрсетеді. Шамасы, саладағы жауаптылар темір тәртіп пен әлімжеттікті шатастырып алса керек. Ал осындай оқиғалардың себебін қайдан іздейміз? Мемлекеттік құпия […]