Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында Әбдіқайым Атақожаев есімді азамат тұрады. Қашан көрсең, қолы шаруадан босамайтын ауыл тұрғынының ауласында қабырғалары шыны шөлмектерден қаланған ерекше монша жұмыс істеп тұр. «Бұл моншаны 2011 жылы салдық. Сол кездері тойханада жұмыс істеп жүрген бөлем босаған шыны бөтелкелерді үйге әкеп тастайтын. Қажетімізге жарар деп жинай бергенбіз ғой. Бірде үйге монша […]