Солтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өте алмай жатыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік аттестаттау жүргізілген бес балабақшаның ішінен тек біреуінің ғана «жолы болды». Ал 11 мектептің тек біреуі ғана бұл рәсімнен сәтті өтті. Бұл жайт түлектердің аттестатсыз қалуына әкелуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облыстық Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, «Білім туралы» заңның […]