Әр шаңырақ Жеңіс күні мерекесін ерекше атап өтеді. Елордалық Есқали ағай мен Тиышкүл апай үшін де бұл күннің маңызы зор. Әкелері – қос ардагер Байбосын Жиенбайұлы мен Бақжүніс Бектемісұлын еске алып, Құран бағыштау бұл әулеттің бұлжымас дәстүріне айналған. Сосын осы шаңырақтың отанасы, ұлағатты ұстаз Тиышкүл Бақжүнісқызының туған күні. Биыл апай мерейлі 80 жасқа толып отыр. […]