Осыдан он жыл бұрын елімізде әлеуметтік лифт туралы ең алғаш айтыла бастады. Бұл жүйе білімді жастардың жағдайын жасап, олардың қызмет барысында өсуін қамтамасыз етуді көздейді. Дегенмен әлі күнге дейін елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық азаймай тұр. Осыған орай әлеуметтік лифт жүйесін жетілдіру жолдарын әлеуметтік ғылымдар кандидаты Рамазан Салықжановтан сұраған едік. – Кейбір жас мамандар «Қазақстанда тамыр-танысың […]